Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 14.08.2022
САРЫАҒАШТА ТҰТАС БІР ШАҒЫНАУДАН АУЫЗ СУСЫЗ КҮНЕЛТЕДІ.
Самал-3 шағынауданының тұрғындары 10 жыл бойы таза ауызсуға жарымай отыр..
Ауыл тұрғындары айына үш рет қана таза су ішеді. Бірақ тасымалданатын бұл су аптап ыстықта бүлініп кетеді, көбінде жетпей де қалады. Нәтижесінде кішкентай балалар ішек ауруларымен ауырады, ауруханаға диі түседі.
Жұмабай Нұрмаханбет Сарыағаштың Самал-3 шағынауданында 12 жылдан бері тұрады. Осы жылдарда тұрғындар шенеуніктердің құрғақ уәдесін аз естіген жоқ, әбден қанықты. Олардың айтуынша, ай сайын суды 21 мың теңгеге атып ішеді. 3 рет су әкелінеді, бірақ ол аз уақыт ішінде жарамсыз боп қалады.
"Біз қонаққа барсақ та өзімізбен бірге су ала барамыз. Сыйлығымыз сол. Барған үйімізде су болмай қалуы үйреншікті жағдай. Қыста біз қар жинаймыз, ерітіп пайдаланымз. Күзде жаңбыр суын жинаймыз. Осылай өмір сүреміз", — дейді Сарыағаш қаласының тұрғыны Жұмабай Нұрмаханбет.
Соңғы 5-6 жылдан бері жергілікті әкімдік шағынаудан тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен қамтимыз деп бірнеше рет уәде берген. Жақында тағы беріпті. Егер осы жылы жобалау жұмыстары аяқталса, келесі жылы су тарату қондырғысының құрылысы басталады деп сендірген.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
39.3%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.6%
Жолым түскенде төлеймін
19.9%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.7%
барлық дауыс: 5439
дауыс мұрағаты