русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 14.08.2022

СЕРІКТЕСУДІҢ ҰТЫМДЫ ТҰСТАРЫ КӨП
 
            Қазақстанда, дәлірегі, әлем елдерінде су тапшылығы байқала бастағаны рас. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында бұл өте өзекті тұсқа айналды. Тұрғындар үшін де үлкен проблема. Ал сумен қамтуға жауапты мекемелер мәселенің түйінін тұтыну барысындағы ішінара, жасырын ақаулар және ысырапшылдықпен байланыстырады. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС осы мәселені израильдік компания өкілі Ханан мырзамен кездесу барысында жіті талқылап, қарастырды. Аталған компанияның осы бағыттағы инновациялық тәжірибесі мол. Оның үстіне, бұдан алдын Өзбекстан елінде су шығыны бойынша нақты көмек көрсеткен.
            - «Тәжірибелі мамандар Ташкентте аз уақыт ішінде су жүйесін толық тексеріп, 170-тей ақауды анықтады. Сөйтіп, Ташкент Су арнасы мекемесі су жоғалту деңгейін бірден 20 пайызға азайтты. Ал бұл дегеніңіз, электрэнергиясын, суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Өте нәтижелі бағыт дер едім».
Израильдік мамандар жүйедегі су жоғалту нүктелерін анықтауда спектрлік талдауды қолданады, яғни ғарыш спутнигіне жүгінеді. Бұл әдіс Марста су көзін анықтау барысында пайдаланылған. Енді мұны коммуналдық салада қолдануға мүмкіндік туды деген сөз. Алдағы уақытта Шымкентке израильдік мамандар арнайы келіп, алдын-ала жұмыстарға кіріспек. Бұл технологияны ендіріп, пайдалану, сөзсіз, қаржы құюды талап етеді. Бірақ, нәтижесі жақсы боларына Анарбек Орман сенімді.
            - «Су шығынын азайтсақ, түрлі авариялық, ретке келтіру, жөндеу жұмыстары да өздігінен азаяды. Сондықтан, бұл бағытқа уақыт жоғалтпай қаржы құйсақ, бір жыл ішінде өзін-өзі ақтайды деп есептеймін. Неге қолға алмасқа? Біздегі психология – ақша керек дейміз! Алдымен, сол ақшаны проблеманы түбегейлі шешуге жұмсасақ, оның пайдасы мен су жүйесіндегі біраз күрделіліктерден арыламыз. Өндірістен алатын өнім сапасы артады. Сумен қамту, оны тарату жүйесіндегі проблемалардың біразы шешіледі. Жыл ішінде жұмсаған қаржыны қайтарамыз - бұл өте ұтымды жоба!»
            «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығы израильдіктермен серіктесе жұмыс істеу нәтижелі болатынына сенімді. Болашақта, тіпті, Қазақстанның өзге өңірлерінде де су шығыны мәселесін Спутник арқылы анықтап, реттеуге мүмкіндік туады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары