Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 15.08.2022
МАҢҒЫСТАУДА СУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Маңғыстау облысының ағымдағы жылдың 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.Облыс әкімінің ақпаратына сәйкес, өңірдің өзекті мәселелерінің бірі сумен қамтамасыз ету, оның ішінде ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда, "Астрахань - Маңғышлақ" су құбыры арқылы және басқа да көздерден келіп түсетін су көлемі мамырдан қыркүйектің соңына дейін халықтың қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандырмайды.Нұрлан Ноғаев облыстағы ауыз су мәселесін шешу жөніндегі тапсырманың орындалуы туралы айтып берді. Мемлекет басшысы бұл тапсырманы өңірге жұмыс сапары аясында берді. Бүгінгі таңда "Қаражанбас" кен орнында қуаты тәулігіне 17 мың текше метр тұщыландыру қондырғылары пайдалануға берілді, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелер шешілді.Бұдан басқа, жыл соңына дейін Ақтау қаласындағы суды тұщыландыру зауытында қуаттылығы 20 мың текше метр болатын қондырғылар пайдалануға берілуі тиіс, бұл ретте 5 мың текше метр суды тазартуға мүмкіндік беретін қондырғылар жұмыс істеп тұр.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
32.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.4%
БАҚ
14.8%
Басқа
15.6%
барлық дауыс: 6173
дауыс мұрағаты