Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.08.2022
Мерейтойға арналған волейбол турнирі!
Шымкентте ардагерлер арасында волейболдан халықаралық турнир өтті. Жарыс елге танымал азамат Анарбек Оңғарұлы Орманның 70 жылдыған арналды және оның ұйымдастырушысы спортпен айналысуды әдетке айналдырған азаматтың өзі. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен командалар қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына келген қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысушыларға сәттілік тілеп, Анарбек Оңғарұлына қала әкімінің атынан Шымкенттің дамуына сіңірген еңбегі үшін Алғыс хатын табыстады.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшысы Анарбек Орман мұндай ауқымды шараларды дәстүрге айналдырған. Оның үстіне, ардагерлер арасындағы спорт сайыстарына ерекше көңіл бөледі. Турнир қатысушылары мықты дайындықпен келіпті. Нур-Султан, Алматы, Талдыкорган, Бишкек, Ташкент, Кызылорда, Жамбыл облысы, Туркестан, Карабулактан келген топтарға Шымкенттен үш команда қосылды. Ойын өте тартысты өтті. Жарыстың ортасына қарай ең епті 4 команда іріктелді. Ақтық ойындарға Шымкентттік «Ардагер» мен «Су ресурстары-Маркетинг», астаналық «Атамекен Агро» және Ташкенттік спортшылар өтті.
«Осы турнирге шақырту алғанымызға қуана келдік. Бізді өте жақсы қарсы алды. Барлығы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Командалар да кілең мықтылар! Ардагерлер арасында осындай жарыстардың болғаны қандай жақсы. Жастарға да жақсы үлгі болатындай шара деп ойлаймын». Волейбол ойындарына ерлермен қатар қыздар командалары да қатысты. Шымкенттік 4 команда, Алматы, Байқоңыр және Ташкенттік арулар ептілігін байқатты.
« Анарбек Орман мырзаға алғысымды білдіремін. Шымкентке бірінші рет келуім. Қала да, турнир де ұнады. Осындай жарыстар көбірек болса деймін».
Гульнар Мартынова, Өзбекстан командасынан
Қыздар арасындағы сайыстарда Ташкенттік команда топ жарды. Екінші орын Байқоңырлық аруларға бұйырды. «Су арнасы» командасы қола медальға ие болды.
Ал ерлер арасындағы тартыс қызу болды. «Атамекен агро» командасына өзбекстандық қарсыласын жеңу оңай болған жоқ. Бар күшін салып, жүлделі орын үшін қайта сынға түсті. Екінші топта – шымкенттік екі команда «Ардагер» мен «Су арнасы» күш сынасты. Соңғысы жеңіске жетті. Сөйтіп, Үшінші орынға өзбекстандық командамен шымкенттік «Ардагер» бақ сынасып, қонақтар басым түсті. Бірінші орынды елордалық команда иемденді. «Су ресурстары-Маркетинг» командасы екінші орынға тұрақтады.
«Шымкент – волейбол спортынан ардагерлер арасында өтетін жарыстардың орталығына айналды деуге болады. Бұл жолғы жарысқа қатысушылар өте жақсы дайындалып келіпті. Жеңімпаз атандық. Өте қуаныштымыз! Ұйымдастыру алқасына, ұйымдастырушының өзіне алғыс білдіреміз. Қазақстандық спортсүйер ардагерлер үшін үлкен мәртебе деп есептеймін. Барлығына үлгі боларлықтай турнир! Жалғаса берсін».
Турнир жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен қаржылай жүлдеге ие болды. Төрешілер әділ бағасын беріп, ойыншыларға жігер берді. Ең бастысы, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жылы жүздесу болды. Ойыншылар да, жанкүйерлер де жақсы әсермен қайтты.

дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты