Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.08.2022
ТАЗАРТЫЛҒАН СУЛАР-СУАРУ ҮШІН!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС тазарту кешенінің жұмысын қатаң бақылауда ұстайды. Қаланың кәріз жүйесін жұмысын жүйелеп қойған деуге болады. Осы кешенде тазартылатын суды егістікті суғаруға пайдалану тиімді. Суғару мәселесі өзекті екенін ескерсек, бұл көп шаруаға, кәсіпкерге тиімді.
Бұл егістік аумағын суғару біраздан бері мұңға айналған. Жауындатып суғару әдісін қолдану үшін су көп жұмсалады және уақыт та көп кетеді. Сондықтан, тазарту қондырғылары кешенінен егістікке құбыр тартқан ең тиімді іс болды -деді кәсіпкер Ғабит Тұрғынбеков
Ғабит Тұрғынбековтың ойынша, жұмсалған қаржысын шамамен 3 жылда өндіріп ала алады. Ең бастысы, суды тегін пайдаланады. Бір жылда Бөржар су қоймасы арқылы 26 миллион текше метр су жиналады. Алдағы кезде тазартылған су көлемі артады, себебі тазарту қондырғылар кешені үлкейтіліп жатыр.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты