Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 24.08.2022
Мерейлі 70 жас
Есімі елге белгілі азамат, қоғамдағы орны айқын, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры Анарбек Оңғарұлын «Amanat» партиясы Шымкенттік филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева бастаған партиялықтар мерейтойымен арнайы келіп құттықтады. Құттықтау хаты мен мерейтой иесінің суреті бейнеленген қолөнер туындысы да ерекше болды.
Интершум.
Анарбек Орманды мерейлі жасымен құттықтап, қуанышын бөлісуге ниеттенген ұжымдар, жеке азаматтар аз емес. Көпті әурелеуден бойын алыс ұстайтын басшыны осы сәтте ұжымдастары да құттықтап, лебізін білдірді. Мекеменің бас инженері, қуаныш иесінің оң қолы Рахымжан Шамсутдинов өңірдің су шаруашылығын ретке келтіріп, жүйелеуде қиын да, күрделі уақытты бірге еңсерген кездерді еске алды. Бірде-бір жабдығы, техникасы жоқ мекемеге басшы болып келген Анекеңнің еңбегі орасан. Ұжымымен бірге, тынымсыз жұмыстың арқасында энергетикалық тапшылық тұралатқан 90-шы жылдары да Шымкентттіктер тәулік бойы ауызсудан тарыққан жоқ. Кәріз жүйесі де қалтқысыз істеп тұрды.
СНХ (2644) 00.45 «Ол кездерде насос стансаларымыз тозығы жетіп тұрған болатын. Күні, түні жөндеп, су беруді тоқтатпадық. Мекемеге Анарбек Оңғарұлы келгеннен бәрі реттеле бастады. Бүгінде бізде ең озық теңхнология негізінде істейтін техника бар, еуропалық үлгідегі қондырғылар іске қосылды. Кезінде Қазақстандағы су арналары арасында соңғы орында болсақ, қазір, шүкіршілік, ТМД елдеріндегі үздік мекемелердің біріне айналдық. Өзге мемлекеттерден мамандар арнайы келіп, біздің тәжірибемізді көреді, жоғары бағасын беріп жатады. Басшы қандай болса, мекеме де сондай болады! Сондықтан, Қазақстандағы ең мықты басшы бізде есем артық айтпаймын!
Рахымжан Шамсутдинов, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, бас инженер
Анарбек Орман өзіне құрмет көрсеткен партиялықтарға, ұжымдастарына, бүгінгі жетістікке бірге жеткен өзінің командасына алғысын білдірді. Және әрбіріне өз жазбалары негізінде жақында ғана жарық көрген кітабын тарту етті. «Өз жайымды өзім айтсам деп едім...» деп аталатын сыр-сұхбат кітабы екі тілде жазылған. Мектеп бітіріп, оң-солын тани бастаған шағынан күні бүгінге дейін – мамандық таңдаудан бастап, мақсатына жету жолындағы кезеңдерді баяндаған. Өмірден түйгені мен ойтолғаулары да қамтылған.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты