Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 24.08.2022
Жуырда «Су ресурстары маркетинг» ЖШС бірқатар стратегиялық нысандарында ақпараттық тур ұйымдастырылды.
Турдың бастамашысы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті. Мақсат - "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС инвестициялық бағдарламасының орындалу барысымен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, үй және көше комитеттерінің төрағаларын таныстыру еді.
Рысқұлбеков және Жандосов көшелерінде су құбыры желісі жаңартылып жатыр. Жұмыстар аяқталуға жақын. Ескі шойын құбырлардың дерлігі жарамсыз күйде. Бұл маңда мыңнан аса тұтынушы тұрады. Түрлі апат немесе техникалық ақаулар салдарынан проблемалар туындайтын. Жаңарту кезінде диаметрі 110 миллиметрлік құбыр 160 милиметрлікке ауыстырылды.
СНХ (00037) 00.57 "Қызмет сапасын арттыру үшін шойынды полиэтиленге ауыстыру қажет болды. Жаңарту - көлденең-көлбеу бұрғылау әдісімен жүргізіледі. Бұл , ең бастысы - тұтынушылар үшін ең қажетті: қызмет сапасын жақсарту және оларды сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Су шығынын және ластануының да алдын аламыз."
Жанатбек Тұрдалиев «Су ресурстары-Маркетнг» ЖШС бас директорының орынбасары
Екінші нысан – Бөржар су қоймасы. Мұнда су шайынды суды тазарту қондырғылары арқылы жинақталады, тәулігіне кешен арқылы шамамен 150 мың текше метр шайынды су өтеді. Қалғаны осы тоғанда сақталады. Сондықтан, қойманың түбін қалпына келтіріп, тазарту қажеттігі туындаған. Жалпы көлемі шамамен 26 миллион текше метрді құрайды, көктем мен күз айларында жауын-шашын да осында жиналады, ал бұл экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Ағын дамба арқылы өткенде, аумақты су басу қаупі туындайды. Су қоймасы 1976 жылы салынған, содан бері мұнда жөндеу жүргізілмеген.
СНХ (00105) 2.53. "Баспасөз турының мақсаты-тұтынушылар төлейтін тариф есебінен су арнасы қандай жұмыстар атқаратынын көрнекі түрде көрсету. Яғни, тарифке инвестициялық бағдарламаға ақша салынған және тұтынушы бұл қаражаттың қайда бағытталғанын білуге құқылы. Біз қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрнекі түрде көрсетеміз. Мысалы, Жандосов көшесінде 50 жастан асқан құбырлар ауыстырылды", - деп түсіндірді
Дархан Қайынбердиев ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің бастығы
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і де, монополияларды реттеу департаменті де ескі және тозығы жеткен су құбырларын, желілерді жаңартуға басымдық береді. Себебі, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру – басты міндет. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жүргізіліп отыр.
Әр қоғамда жұрт жақсы танитын, ол туралы жақсы сөз, жылы лебіз білдіретін азаматтар болады. Өңір тұрмақ, республикаға есімі танымал осындай жандардың бірі, есімін Шымкенттің дәмді суымен бірден байланыстыратын азамат - Анарбек Орман.
Шымқалаға Анарбек Оңғарұлы 80-ші жылдардың басында келген. Жарты ғасырға жуықтапты. Ол уақытта облыс орталығында су шаруашылығы жүйесінде шешілмеген түйін шаш етектен еді. Көпқабатты үйлердің екінші қабатынан жоғарыға су көтерілмейтін кез. Шымкент су арнасына инженер болып келген Анарбек Орман өзіне бекітілген екі бригадамен бірге сорғылар мен тоғандағы проблеманы анықтап, қараусыз қалған тетіктердің барлығын майлап, өшіріп, қайта қосады. Желілер мен станоктар қайта іске қосылып, төрт жыл бойы су қысымы көтерілмеген қабаттардың барлығына екі күнде су барады. Міне, шаруашылыққа нағыз маман келіп, жұмыс жүйеленді деген сөз!
Бүгінде республиканың ғана емес, ТМД елдері арасында су шаруашылығын жүйелеген үздік кәсіпорын деп танылған «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС бас директоры өзінің сүйікті ісімен айналысқан адам жетістікке жететінін дәлелдеді! Еңбек түбі – береке,үздіксіз іздену ғана мақсатыңа жеткізетінін өмірлік ұстанымына айналдырған Анарбек Оңғарұлына мықты денсаулық, отбасына амандық, басқарып отырған ұжымына толағай табыс, береке тілейміз!
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты