Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 26.08.2022
Анарбек Оңғарұлы Орман 70 жаста Мерейлі жасында мақсаты – той тойлау емес, осы уақыт ішінде атқарылған іс: өткен белес, еңсерген асулар туралы айтып ой бөлісуді жөн санапты. Алғашқы кездесу БАҚ өкілдерімен өтті. Себебін бір ауыз сөзімен түйіндеп берді. БАҚ-на алғысым шексіз. Сіздердің көмектеріңіз көп болды. БАҚқа рахмет. Алғысым шексіз Әр күніңе, әр ісіңе есеп бер деген қағиданы Анекең бұрыннан ұстанады. Онысын Шымқаланы басқарған жылдары да, су шаруашылығындағы тынымсыз жұмыс барысында да ылғи айтып жүретінін ттілшілер қайымы жақсы біледі. Ел ағасы болған шағындағы есебін «Өз жайымды өзім айтсам деп едім...» деп атаған кітабына түсіріпті. Екі тілде жарық көрген сыр-сұхбатын өңірдің журналистеріне, газет, телеарна жетекшілеріне сыйға тартты. Интершум Шымкенттің «Су арнасы» мекемесіне қалай, қандай маман болып келгенінен бастап, инженер маманы ретінде кезіккен қиындықтар, одан шығу жолындағы батыл шешім, қателіктер мен жетістіктер, нәтижесінде бүкіл елді энергетикалық тапшылық қыспаққа алған жылдары халықты ауызсумен үздіксіз қамтып отыруға мүмкіндік жасағаны ерлікпен пара-пар. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Стратегиялық маңызға ие салада жұмысты жүйелеу, тұтынушының сенімін ақтап, жаңа технологияны ендіру арқылы жұмысты жандандыру Анекеңнің іскерлігі мен батылдығының арқасы дейді ұжымдастары. Бүгінде бұл тәжірибені үлгі еткісі келетіндер көп. ТОО жұмысын республикаға тарату бойынша Үкімет бірнеше рет мәселе көтерді. Жүздеген адамды жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікті еңсерген Анарбек Оңғарұлының қоғамның басты мәселесін шешу бойынша да ойы нақты. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар елімізде 3 миллионнан асып отыр. Ол азаматтарды қолдап, салықтан босату жағын қарастыратын уақыт жетті, дейді ол. Оған қоса, баламалы энергия көздерін көбірек қолдану, осы саланы дамытып, субсидияны қарастырсақ, көп бағытта ұтымды жобалар пайда болатынына сенімді. Ол, ең алдымен жергілікті жерлердегі шаруашылықтарға үлкен көмек. Анарбек Орман ұстанымына берік. Әр салада оны меңгерген кәсіби маман істеу керек. Ауылда да осыған басымдық беру керек. Сондықтан, ауылдарға қаржы бөліп, дамытып, байытсақ, мемлекет те бай болады. Жастайынан еңбекке араласып, өз білімімен, ізденуінің арқасында, айлап сызған сызбалары мен ұстаздарының берген тәлім-тәрбиесі оны бүгінгідей дәрежеге, есімін, ісін ел білетін Анарбек Орман деңгейіне жеткізді. ұстаздары туралы Жылы жүздесу, тілшілердің сауалдарына жауап беру сәті осылай өрбіді. Республикада ерекше орны бар үшінші мегаполис – Шымқаланы екі рет басқарған, ОҚ облыс әкімдігінде басшылықта болған , Министрліктің Су шаруашылығы комитетіне жетекшілік еткен Анарбек Оңғарұлы бірқатар мемнаградалардың иегері. Бүгінде ТО мәслихатының депутаты. Яғни, әлі де елге, қоғамға сіңірер еңбегі, берері бар.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты