Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 31.08.2022
№35 мектепке қолдау көрсету ұмыт қалған емес
№35 жалпы орта мектебінің оқушылары «Су арнасы» мекемесінің мұражайына қонаққа келді. Жаңа оқу жылының қарсаңында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директорының орынбасары, бас инженер Рахимжан Шамсутдинов ұл-қыздарға қоғамда өз орны бар азамат болу үшін жақсы білім алып, еңбектен қорықпау керектігін түсіндірді. Мектепті үздік бітіріп, таңдаған мамандығының нағыз иесі болуына тілектестігін білдірді. Ал оқушылар мектепке қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар сыйлаған ағаларына өлең шумақтарын оқып берді.
Айта кетейік, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і №35 жалпы білім беретін орта мектебіне үздіксіз көмек көрсетіп келеді. Бұл жолы 10 оқушыны қуантты. Баласын мектепке дайындау арзан болмай тұрған шақта бұл жақсы көмек екенін айтқан ата-аналар жағы алғысын білдіріп жатты.
№35 жалпы білім беретін орта мектеп басшылығы "Су ресурстары-Маркетинг" мекемесінің бас директоры Анарбек Онғарұлына алғыс хат табыстап, мерейтойымен құттықтады.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
32.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.2%
БАҚ
14.7%
Басқа
15.7%
барлық дауыс: 6073
дауыс мұрағаты