Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 01.09.2022
Кәсіпкерлердің назарына!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің әкімшілігі кәсіпорындардан шығатын зиянды қалдықтарды өңдейтін тазарту қондырғыларын орнату қажеттігін ескертеді. Әсіресе, бұл автомобиль жуу орындарына тікелей қатысты. Себебі, орталық кәріз жүйесіне, содан соң тазарту қондырғылары кешеніне түсетін зиянды заттардың мөлшері көбінесе рұқсат етілген коэффициент мөлшерінен асып кетеді.
"Жергілікті тазарту қондырғылары зиянды және улы заттардың орталық кәріз желісіне түсуінің алдын-алуға бағытталған. Оларды орнату міндеттілігі Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы бұйрығымен қарастырылған",-деп нақтылады «Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС заң бөлімі басшысының орынбасары Дінмұхаммед Оңғар.
Көп кәсіпкерлер кәріз желісін пайдаланудың белгіленген нормалары мен ережелерін сақтау керектігін түсінеді. Мәселен, қаладағы көлік жуу орындарының бірі, талапқа сәйкес, жергілікті тазарту құрылғыларын орнатты. Құрамында мекеме зертханасының, кәріз желілеріне қызмет көрсету бөлімінің және заң бөлімінің өкілдері кірген арнайы комиссия оны пайдалануға қабылдады.
"Егер кәсіпкерлік нысаны сумен қамту және шайынды су қызметін көрсетуге арналған техникалық шартта, үлгілік шартта көрсетілген талап бойынша тазарту қондырғыларын орнатудан бас тартса, «су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызмет көрсетуін тоқтатады және мәселені сот арқылы шешуге құқылы".
Сондықтан, жергілікті тазарту қондырғыларын сатып алғанда, мамандармен кеңесіп, қондырғылардың сертификатына назар аударған дұрыс.

дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты