русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 04.09.2022

Жаңа үлгідегі бекіту арматурасы


             Шымкентте құдықтардың орнына бекіту арматурасы орнатыла бастады. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де құдықсыз арматураларды біртіндеп көбейтуді жоспарлап отыр. Осылайша су құбыры желілеріне қызмет көрсетуде және пайдалануда шығындар азаяды. Ең алдымен, жаяу жүргіншілер мен автомобильдердің қауіпсіздігі үшін де өте қажет нәрсе. "Бұл ысырмалар жаңа типті, құдықтарды орнатуды қажет етпейді, оларға ағымдағы жөндеу, ақтау және сырлау, қақпақтарды ауыстыру қажет емес. Жоспарлы жөндеу жұмыстары 20 жылда бір рет жүргізіледі". Бекжан Ешімбетов Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС Бас директорының орынбасары Еңбекші аудандық су арнасының қызметкерлері 13 шағынауданда жұмысын бастады. Құдықты бөлшектеп, ысырмаға ауыстырып жатыр. Енді судың қысымын арттыру немесе азайту үшін слесарьлар төмен түсіп, әуре болмайды. Барлық манипуляцияларды жоғарыдан-ақ жасай береді. "2022 жылы Шымкентте құдық тәрізді 193 ысырма орнатуды жоспарлап отырмыз. Жұмыс әзірленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Келесі жылы осы типтегі тағы 200-ге жуық құрылғыны орнатуды жоспарлап отырмыз. Құдықтарсыз жаңа әдіске көшеміз". Мекеме биылғы жылдың соңына дейін дәл осындай 193 ысырманы орнатып үлгермекші. Аталған жұмысты су құбыры желілерін ауыстырып, жаңартуға жауапты мердігер ұйымдар, және аудандық су арналарының мамандары қолға алған.

<\p>
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары