Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.09.2022
Қостанайға көмек
Мегаполисте Аманат партиясы Шымкент филиалының жанынан КӨМЕКҚОСТАНАЙ гуманитарлық көмек қабылдау пункті төтенше жағдай болған күні-ақ ашылды. Тілсіз жаудан зардап шегіп, отқа оранған өлкеде баспанасыз қалған отандастарға көмек қолын созып, демеу болу керектігі «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де көп талқыланған жоқ. Мекеме басшылығы да, «Оңтүсік су» партия ұйымы да бірден қажетті заттарды қабылдау бекетіне жеткізуді ұйғарды.
Бақтыбай Әліпов
«Аманат» партиясы «Оңтүстік су» филиалының атқарушы хатшысы
Тұрмысқа аса қажетті заттар, азық-түлік, жылы киім, жеке гигиена құралдары. Су арнасы мекемесінің тапсырған заттарын «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері қабылдап алды.
Ердәулет Жүнісбек
Шымкент қаласы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы
Расында, қабылдау пунктіне келушілер көп. Жерлестеріміз мұнда азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды әкелуде. Біздің мекеме және көптеген шымкенттіктер мен ұйымдардың көмегі үш жүк көлігіне тиеліп, Қостанайға жөнелтілді.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.9%
барлық дауыс: 5081
дауыс мұрағаты