русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 08.09.2022

Алғашқы сертификаттар Аудандық су арналарының желілердегі апатты қалпына келтіруге жауапты слесарьлары «Санкт-Петербург су ресурстары» колледжінде онлайн оқуын аяқтады. Мамандарға біліктігін арттырғанын растайтын сертификаттарды "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директоры Анарбек Орман тапсырды. Кез-келген мамандық тәжірибеден бөлек, теорияны түбегейлі меңгеруді талап етеді. Сондықтан, үш ай бойы апатты қалпына келтіруде еңбектеніп жүрген жұмысшылар онлайн жүйемен "Smart-маман" оқу орталығы базасында оқып шықты. Бүгінде техникалық оқу орындарының көбі мұндай профильді мамандарды даярламайды. Сондықтан "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы жұмысшыларды дербес сертификаттауды ұйғарып, шетелдік оқу орнымен келісім-шарт жасаған. Мекеменің бас директоры ұжымдағы жауапты басшыларға "Smart-маман" оқу орталығында жоғары санатты мамандарды даярлау жөнінде тапсырма берді. Оқытуды жүйелеу үшін лицензия міндетті түрде болуы шарт. Қазір бұл бағытта тиісті жұмыс қолға алынды. Сумен қамту және жүйені реттеуде қажетті сорғы жабдығының машинистерін, инженерлерді және басқа да мамандарды оқыту қарастырылады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары