Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.09.2022
Жаңбыр суын пайдаланудың пайдасы көп
Шымкентте «Жаңбыр суын пайдалану және табиғи ресурстардың оң шешімі» тақырыбында екі күндік оқу курстары өтіп жатыр. Оған жергілікті әкімдіктің жауаптыларынан бастап, экологтар, су және кәріз жүйесін пайдалануды реттеу саласының мамандары, санитарлық эпидемиологиялық ахуалды қадағалаулшылар шақырылды. «Қазақстан су арнасы» қауымдастығы , Өзбекстанның жобалаушы-инженерлер ассоциациясы және «CleanTech Latvia» қауымдастығы мен Еуропалық одақ бірлесіп ұйымдастырған оқу курстарына сонымен бірге қаладағы бірқатар жобалаушылар мен оқу орындарының оқытушылары қатысты. Жасыл технологияны Қазақстан мен Өзбекстанда барынша ендіруді мақсат тұтқан бұл жоба ENGINE деп аталады. Қаланы ауыз сумен қамтып, кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсетуші Су ресурстары-маркетинг ЖШС-гі аталған мәселе бойынша мамандардың біліктігін арттыруды қос қолдап қуаттайды. Себебі, жауын-шашын суын пайдалану, осы бағыттағы кәріздік қондырғылар орнату бойынша проблема бізде мүлдем шешілмеген.
Қазақстанның көп аймақтарына тән мәселе Шымкентке де таңсық емес. Көктемде, күздігүні жауын жауса, көп көшелер су астында қалады . Одан жолдардың сапасы төмендейді, онсыз да реттеле алмай жатқан инфрақұрылымға қосымша қаржы жұмсалады. Ең бастысы, адамдарға қойлайсыздық туғызады. Жауын-шашын суы кәріз жүйесіне құйылады. Күндердің күнінде апат орын алуы мүмкін. Себебі шайынды сулар қондырғысы оған шыдай бермейді.
Валерий Сюндюков «Қазақстан су арнасы» қауымдастығының президенті Расында, бұл проблема көп қалаларда бар. Осы курстарды өткізу алдын біз Шымкенттегі жағдайды біршама сараптадық. Оңтүстікте нөсер жауын жауса, жиналатын су көп салаға зарбадын тигізеді. Осының шешу жолдарын білетін және онымен бөлісетін сарапшыларды Шымкентте жинап отырмыз. Бірлессек, нәтиже болары анық.
Дәріскерлер – Латвиялық сарапшылар. Жобалаушы-инженерлер. ЭНДЖАЙН жобасының жетекшісі Эвия Пудане бұған дейін біздің еліміздің және Өзбекстанның су шаруашылығы мамандарымен онлайн форматта дәрістер ұйымдастырған. Енді сала мамандарымен жүзбе-жүз кездесуді жөн көріпті. Осылайша «табиғи шешімдер» идеясын жүзеге асырсақ, жергілікті жерге тек пайдалы әрі тиімді болатынына сенімді.
Эвия Пудане ENGINE жобасының жетекшісі - Бұл курстарды алдын Өзбекстанда өткіздік. Қазақстандық су мамандарымен де пікір алмасқанбыз. Мақсат біреу – табиғаттың өзі беретін ылғалын, суын өзіне дұрыс пайдалануды реттеу. Біз мұны «табиғи шешім» деп атаймыз. Көгалдандыру, түрлі ландшафтарды көркейту, балалар алаңшасын желекпен көмкеру – бәрі сол жауын, қар суын пайдаланып, жүзеге асса, тек оң нәтиже береді.

Оқу курстарына қатысушы экологтар да табиғи шешімді қуаттайды. Департамент мамандары, тәжірибелі экологтар қала басшылығына аталған мәселе төңірегінде бұрын да ұсыныстар жасаған екен. Жаңбыр суын арнайы қондырғыларға бұрып, жиналған қорды пайдалансақ «жасыл қала, Шымқала мәртебесін» талай жылдар бойы ақтап жүретінімізді қағазға түсіріп, ресми құжаттар дайындалған. Қаланың жоспарын дайындаушылар, өзгертушілер осыны негізге алмайынша, ирригациялық жүйелер мен өзендерге лас шайындыны, сұйық қоқысты төгу, ағызу жалғаса бермек. Ол, ең алдымен қала халқының денсаулығына кері әсер ететіні жаңалық емес.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.9%
барлық дауыс: 5081
дауыс мұрағаты