русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 11.09.2022

Жауын суын жинау – «табиғи шешім» бойынша практикалық жұмыстар

           «Жауын-шашынды тиімді пайдалану бойынша табиғи шешімдер» оқыту курстары екінші күні қаладағы қиын саналатын учаскелерде жалғасты. Шымкентте жаңбыр жауса, көлге айналатын біраз орындар бар. Тұрғындар оны жақсы біледі. Жобалаушылар мен инженерлер нөсер суын осы аумақтардан басқа ранаға бұрып, тоған жасау жолдарын ұсынды. Мысалы, Рысқұлов көшесіндегі бұл аумақ көпшілікке таныс. «Бұл жерге су жинайтын ыдыстар қоюға болады. Құбыры да болады оны, жиналған суды кейінгі кезеңде пайдаланатын...» Рахым Бекболат оқу курстарына қатысушы ENGINE жобасын меңгерушілер қаланың жаңа шағынаудандарында да болды. Нұрсәт шағындаунында да қар, жаңбыр суы жиналып қалатын орындар бар. Ұсыныстар алуан түрлі. Проблемаларды түбегейлі шешу үшін қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізу барысында негізді ұсыныстар жасалуы керек. Сала мамандары өз жобаларын дәлелдеп, нақтыласа, іске асуы ғажап емес. Әрине, табиғи шешімдердің жүзеге асуына қала басшылығы қызығушылық танытуы керек. Себебі, жауын-шашыннан жиналатын суды ағызып жіберу бір жағы, ал оны тиімді пайдалану арқылы басқа мәселелерді шешуге болатыны дәлелденіп қойған. Ең алдымен, ол - инфрақұрылымды дамытуға қажетті шешімдердің бірі. Ал ENGINE жобасының жетекшілері Қазақстанда жұмысын ары қарай жалғастыра бермек. Келесі семинарлар – өндірістік шайынды суларға қатысты болады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары