русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 13.09.2022

Бәрін шешетін - кадрлар! 

          «Су ресрустары-маркетинг» ЖШС жас мамандарды жұмысқа қабылдау, біліктілігін арттыру мәселесіне басымдық береді. Себебі, техникалық мамандық иелері тапшы саналатын қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы осы тұспен тікелей байланысты. Мекемедегі ондаған бөлімдерде қазір жастар қатары артып келеді. Олардың бірі – Су ресурстары инспекциясының экономист-сарапшысы Ұлжалғас Тағабаева. Жыл басында жұмысқа келген жас маман бүгінде өз жұмысын жауапкершілікпен істеуде, айтарлықтай меңгеріп үлгерген. Су ресурстары инспекциясының экономист-сарапшысы Оқу орнын бітіріп келген жастарды мекеме жұмысына бейімдейтін тәлімгерлердің орны бөлек. Су өлшеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мәліметтерді сараптама жасап, дұрыс есептеуге жас маманды бірінші санаттағы жетекші инженер Алтын Баешова және инспекция басшысы Әсетулла Әшірімбет үйреткен. Ұлжалғас өз ісін жақсы біледі. Болашағынан үміт күттіретін маман. Алғашқы күннен-ақ білімінің жоғары екенін байқатты. Алты ай ішінде көп тұсты меңгеріп алды. Әсетулла Әшірімбет Су ресурстары инспекциясының басшысы Мекеме музейінде қойылған сауалдар мен тапсырмаларды жақсы орындаған Ұлбосынға тәлімгерлері сыйлығын тарту етіп, жылы лебізін білдірді. Өндірістік техникалық бөлімге екі айға жуық уақыт бұрын келген Ақжарқын Ақылбек те жұмысты жүйелі орындауға бейім, - дейді бөлім басшылығы. Жас маман ыдысқа құйылған минералды су мен құбыр суын бірден ажыратып, анықтап берді. Осыдан-ақ жұмысқа бейімділігін байқауға болады. Бектөре Әуез Өндірістік техникалық бөлім басшысы Жұмысты жүйелеп, сапаны арттыруда мамандардың білімі, тәжірибесі маңызды екенін ұстанатын бөлім басшысы әріптестерімен су шаруашылығының ішкі жүйесіне тағы бір экскурсия жасап пысықтады.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары