Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.09.2022
«Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС бас директоры Анарбек Орман Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиевамен кездесті. Кездесуде қазіргі ең өзекті тұсқа айналған – техникалық мамандық иелерін, оның ішінде су шаруашылығы мен су бұру жүйесінің мамандарын даярлау мәселесі сөз болды. Өкінішке қарай, стратегиялық маңызы басым саланы дамытуда орны бөлек сапалы мамандар дайындалмайды. «Шымкентте де, Түркістан облысында да бірде-бір колледжде сумен қамту, мамандарды оқытпайды. Біздің мекемеге слесарь-сантехниктер, компрессор және сорғы құрылғыларының машинистері керек. Су жинау қондырғыларын, шайынды су қондырғыларының жұмысын меңгерген мамандар тапшы. Сондай-ақ, су құбырының, канализация желісінің құрылысын жүргізу бойынша мамандық иелерін даярлау қолға алынбайды. Бұл сала қалай дамиды?! «Су ресурстары-маркетинг» компаниясы оқу орындарына бұл бағытта қолдау көрсетуге дайын. Атап айтқанда, мекеме оқу процесіне ауадай қажет материалдық базаны, практикаға қажетті материалдар мен тәжірибелі мамандарды ұсына алады. Оқу орындары үшін бұл ең керекті көмек және дуалды білім беру жүйесінің үлгісі, міне, осы! Сегодня в Шымкенте и Туркестанской области, государство тратит миллиарды тенге на объекты водоснабжения и водоотведения. Но они не работают, нет специалистов! Что такое трубопровод, что такое насосная станция и как наладить ее работу, как эксплуатируется водопровод, компрессорная станция, какова степень очистки воды – никто не знает! Мекеменің бас директоры мектепте кәсіптік бағдар бойынша аталған мамандықтың бірін таңдап, оқу орындарында сумен қамту және кәріз жүйесі бойынша маман болатын жастарға арнайы стипендия тағайындап, беруге дайын екенін ашық айтты. Және ондай кадрларды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева «Өте орынды мәселені көтеріп отырсыз. Кәсіптік бағдар бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Арнайы меморандум түзіп, сол құжаттың аясында жұмыс істейміз. Айта кетейік, «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС орта-арнаулы және Жоғары оқу орындарымен бұрыннан байланыс орнатқан. Мектеп оқушылары да мекеменің жұмысымен танысуға жиі келіп тұрады. Алайда бұл байланысты жүйелі серіктестікке бағыттау маңызды болып тұр. Себебі, су ресурстары – ең қажетті стартегиялық бағыттың бірі.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты