русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 15.09.2022

Президент Жолдауын түсіндіру

           "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де "AMANAT"партиясының "Оңтүстік су" филиалы мүшелерінің жиналысы өтті. Кездесудің мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауын түсіндіру болатын. "Оңтүстік Су" филиалының атқарушы хатшысы Бақтыбай Әліпов баяндама жасады. Ол Жолдаудың негізгі тармақтарына егжей-тегжейлі тоқталды. Жаңа экономикалық саясат, экономиканың нақты секторын дамыту, ел болашағына бағытталатын стратегиялық инвестициялар, мемлекеттік басқаруды қайта құру және Заң мен тәртіпке қатысты өзгерістер туралы нақтылап айтып берді. Баяндамашы әйелдердің зейнеткерлік жасына, ең төменгі жалақыны көтеруге қатысты берілген тапсырма, ауылдағы медицинаға, таяу шетелден әкелінген автокөліктерді несиелендіруге және заңдастыруға қатысты әлеуметтік-экономикалық мәселелерге де тоқталды. Бақтыбай Әліпов "Оңтүстік су" филиалы партия ұйымы мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Жиында қатар "СРМ" ЖШС Бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев және ұйым мүшелері өз пікірлерін білдіріп, сауалдарын қойды.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары