русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 18.09.2022

Қыс мезгіліне дайындық жұмыстары аяқталуға жақын 

         "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің бөлімшелері 2022-23 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындықты аяқтауға жақын. Жоспарлы жұмыстарға аудандық су арналары мен пайдалану учаскелері тікелей жауапты, суық ұрмас үшін су құбырлары және кәріз желілерін, жабдықтар мен агрегаттарды алдағы кезеңге барынша дайындау керек. Жұмысты қадағалау, сапасын бақылау кәсіпорынның өндірістік-техникалық бөліміне жүктелген. Су қабылдағыштарда сорғы қондырғылары жылыту материалымен оралып, ауыз су тартылатын барлық жабдықтарда міндетті түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Суықта да су қабылдағыштар сағат секілді үздіксіз жұмыс істеуі керек және қалаға қажетті су мөлшері үздіксіз берілуі маңызды. Тарату камералары, құдықтар, барлық ысырма-жабдықтар, су қысымын реттегіштер тексеріліп, пысықталып жатыр. Бектөре Әуез Өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Сонымен бірге, жалпы орамдық, көшелерде орналасқан орталық су өлшеуіштер тораптары да тексеріліп жатыр. Бұл жәшіктердегі құбырлар қатып қалмауы керек. Ондаған абонент ауыз сусыз қалуы мүмкін. Сондықтан бұл учаскелердегі дайындыққа көбірек көңіл бөлінеді. "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС басшылығы оны қатаң бақылауда. Қыс мезгілінде су өлшегіштерін тексеретін тораптар да жылытылатын болады. Дайындық жұмыстары кәсіпорынның тазарту құрылғыларының кешені мен энергетикалық нысандарында да жүргізілді. Қыс мезгіліне мекеменің автокөлік паркі де міндетті түрде толыққанды дайындықтан өтеді.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары