Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 19.09.2022
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де өндірістік процестерді цифрландыру қолға алынған
Төтенше немесе апатты жағдай туындай қалса, ол туралы деректерді жинақтап, сақтауға баса назар аударылады. Орталық диспетчерлік қызмет жұмыскерлермен де, абоненттермен де фото және видео арқылы ақпарат алмасуды, цифрлық қолтаңба көмегімен бірқатар құжаттар мен актілерге қол қою мүмкіндігін ескеруі тиіс. Және бұл деректерді кәсіпорынның геоақпараттық жүйесінің бірыңғай базасында сақтауға міндетті. ГИС көмегімен сумен қамту жүйелерінің өндірістік процестерінде өте қажетті есептеулер және болжамды талдау жасалады. Сонымен қатар, бұл жүйені жетілдіре түсу маңызды. Ол үшін "су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы бағдарлама әзірлеушілерімен келіссөздер жүргізді.
00.19. "Қазіргі уақытта бізде "Zulu ГИС" жүйесінде гидравликалық модельдеу қолға алынған, бірақ Халықпен байланыс түзу барысында кемшіліктер әлі де бар – абоненттен диспетчерге және кері байланыста деректерді беру жағы толық шешілгені дұрыс. Бізге FSM бағдарламаңыз ұнап отыр, бірақ оған аздаған өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. "Zulu ГИС" – ке деректерді енгізу мен тергеулер, сондай-ақ сәйкессіздік актілерінің жаңа үлгісін әзірлеген дұрыс". Жобаны әзірлеушілерге кәсіпорын бас директорының орынбасары Бекжан Ешімбетов осындай ұсыныс жасады.
Бұл бағыттағы жұмыс әрі қалай жалғасуда, әзірлеушілермен «уақытты сәйкестендіру» назарға алынған. Мұның бәрі Шымкенттіктерді сапалы сумен қамту және шайынды су қызметтерінің сапасын арттыру өте қажет.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты