Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.09.2022
Еуропаның қайта құру және даму банкімен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС алтыншы келісім-шартты бекітіп, өзара қол қойылды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Еуропаның Қайта Құру және даму банкінің байырғы және сенімді серіктесі болып табылады. Алғашқы келісім-шарт осыдан 13 жыл бұрын, 2009 жылы тізілген болатын. Еуропа Қайта Құру және даму банкінен алынған қаржы өндірісті жаңғыртуға және жаңа жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Соның арқасында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Саладағы көшбасшы мекемеге және үлгілі кәсіпорынға айналды. Енді міне, сол сенімді серіктестік жалғасып, алтыншы шарт жасалды, құжаттарға 23 қыркүйек күні Шымкент қаласы әкімдігінде қол қойылды. Еуропа қайта құру және даму банкінің Вице-президенті Алан Пию бастаған делегацияны қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қабылдады. "Біз инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды жобаларды шешуіміз керек. Себебі, Шымкент республикалық дәрежедегі қала болады деп шешім қабылданған кезде, бізге 81 елді мекен қосылды. Олар бұрын аудан құрамындағы елдімекендер болған. Сондықтан бізге осы аумақтарға инфрақұрылым тартуымыз керек және оған Сіздердің көмектеріңіз қажет", - деді ЕҚДБ делегациясына Мақсұт Пернебайұлы. ЕҚДБ делегациясының басшысы Шымкент әкімдігіне қаладағы банк жобаларына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. Пию мырза сондай-ақ, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің жұмысына оң бағасын беріп, басшылығына алғысын білдірді. (3807) "Анарбек Орман басқаратын компания ерекше екенін атап өткен жөн! Халыққа қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасы тұрғысынан бүкіл Орталық Азияда мұндай іскерлік және нәтижелі жұмыс көрсеткен басқа мекемелерді байқағанымыз жоқ. Сондықтан біз келесі құжатқа да сеніммен қол қоямыз!",- деді Алан Пию. Қаржы Шымкенттегі шабындық Су тазарту қондырғылары кешенін ұлғайтуға жұмсалады. Қазіргі уақытта тазарту кешенінде тәулігіне 150 000 текше метр кәріз суы өңделеді. Бірақ суды пайдаланушы тұтынушылар саны күн санап өсуде. Сондықтан кешеннің қуатын тәулігіне 200 000 -ға дейін өңдеуге болатындай етіп, кеңейтуіміз керек. (3858) "бүгін өте маңызды күн – біз 2009 жылдан бері серіктесе жұмыс істеген, клиентіміз " Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС-мен кезекті жобаға қол қойдық. Бұл компанияның қаладағы және оның айналасындағы экологиялық жағдайды жақсартуға қосқан үлесі мен көмегі - оның тағы бір жетістігі. Сондай-ақ, кәріз-тазарту құрылысын кеңейту компанияның тиімді жұмысын жүйелер түседі, бұл тағы біраз тұрғындарды кәріз желілеріне қосуға мүмкіндік береді" . ЕҚДБ "Еуразия" инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Бахтиер Файзиев Банктен алынатын кредиттік транш 3,3 миллиард теңгені құрайды, және дәл осындай соманы инфрақұрылымды дамытуға Қазақстан Үкіметі субсидия ретінде бөледі
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты