русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 26.09.2022

Еуропа Қайта құру- Даму Банкінің делегациясы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не арнайы келді.

          Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің делегациясын қаржы ұйымының вице-президенті Алан Пию басқарып келді. Шымкентке дейін Пию мырза Қазақстан мен Қырғызстан елдерінің бірнеше қалаларын аралаған. Банк Орталық Азияда жасыл энергетика мен экологияға байланысты жобаларды барынша қолдауда және оны ілгерілете бермек. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің басшылығы қонақтарды орталық диспетчерлік қызметінде қарсы алды. Мұнда су құбыры желілеріндегі қысым деңгейінен бастап, резервуарлардағы су мөлшеріне дейін – тұтынушыны сумен сапалы қамту бойынша барлық ақпарат жинақталады. Экрандарда жалпы орамдық және жалпы көшелік су есептегіштерінің көрсеткіштеріне дейін байқауға болады. Сондай-ақ, жөндеу қызметі автокөліктерінің орналасқан жері де көрсетіледі. "Негізінде, диспетчерлік орталық қаладағы барлық жағдайды бақылайды, бақылайды – су жеткілікті жерлерді, ол жетіспейтін жерлерді немесе артық пайдаланатын тұстар – барлығын. Тұтынушыларсыз, диспетчер жұмыс режимін толық бақылап отырады". Анарбек Орман «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры Кәсіпорын өңірді 24 жыл бойы сумен қамтып, су бұру қызметін көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің инвестициясы арқасында ауыз суды тарту, таратуды автоматтандыру жүйесіне көшіріп, саланы жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, көп көрсеткіштер бойынша шығындарды азайтуға мүмкіндік туды. "Бұрын 1 текше метр "суды" көтеру үшін 0,87 КВт/сағ электр энергиясы қажет болса, қазір автоматтандыру, жаңғырту және цифрландыру есебінен бұл көрсеткіш 0,06 КВт/сағ құрап отыр. Сонда 24 жыл ішінде біз электр энергиясын 19 миллиард теңгеге дейін үнемдегенбіз!" Су құбыры желілерін жоспарға сай жаңартудың есебінен шығын азайды және апатты, яғни авариялық-жөндеу жұмыстарына қатысты да шығындарды азайтуға мүмкіндік туды. Су балансын бақылау адамның қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асырылады. Су есептегіштерден алынған деректер кәсіпорын базасына қашықтықтан беріле береді. Қонақтарды бұл мәліметтер таңқалдырды. Осындай нәтижелі жұмыстарыңызға тәнтіміз. Қазақстанның басқа да қалаларында, өңірлерінде осы тәжірибе таратылуы керек деп ойлаймын,- деп атап өтті Банк вице-Президенті Алан Пью. "Біз бұған Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің қолдауы арқасында қол жеткіздік. Сізге, сіздің президентіңізге рахмет! Бұл біздің бірлескен жұмысымыз. Сіз бізге инвестициямен көмектестіңіз! Бізде мекемемізде Қазақстан премьер-министрі болып, жұмысымызбен танысты. Ол біздің тәжірибемізді бүкіл Қазақстан бойынша тарату керектігін айтты". -деп атап өтті "су ресурстары-Маркетинг"ЖШС Бас директоры. ЕҚҚДБ делегациясы кәріз-тазарту құрылғылары кешенін де көрді. Кешеннің басшысы Ирина Казаринова тазарту құрылғылары кешенін жаңғыртуға Банк инвестициясы қандай мақсатта жұмсалғанын егжей-тегжейлі айтып берді. Биогаз қондырғысын қоса алғанда, заманауи және тиімді жабдық сарқынды суды қайта өңдеуге қатысты өндірістік тізбектің әр тұсына енгізілді. Мысалы: "Бұрын бізде алғашқы радиалды тұндырғыштар рельстік жүйемен жұмыс істейтін. Температураның төмендеуіне байланысты рельстер кеңейтіледі немесе тарылып қалады. Доңғалақтары секіріп кететін. Оларды орнына трактордің көмегімен қоюға тура келеті. Еуропалық жабдық алғалы жұмыс әлдеқайда жеңілдеді. Өте ыңғайлы. Салмағы небәрі 3 тонна. Ал бұрынғы құрылғы 17 тонналық еді. Жұмыс сапасы да артты. Осындай жұмыс нәтижесінде Еуропалық Қайта Құру және даму банкі "су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не тазарту құрылғылары кешенін үлкейтуге арналған несиенің алтыншы пакетін бөліп отыр. Ал кәсіпорын өзін өндіріске алынған инвестицияларды тиімді пайдалана алатын үлгілі серіктес ретінде көрсетті.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары