Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.09.2022
Қауіптің алдын-алу
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің кәріз желілеріне қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері жоспардан тыс жаттығу сабақтарын өткізді. Басты міндет-ұңғымадағы төтенше жағдайлардыдың алдын-алу, болдырмау. Жаттығу шарты бойынша ұңғымада газ да болуы мүмкін.
Кәріз жүйелерінің жұмысын жүйелеу, ретке келтіру – денсаулыққа, адам өміріне қауіп төндіретін жұмыс. Өкінішке қарай, тәжірибе көрсеткеніндей, су бұру желілерінде жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерін елемеу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің тұрғындарға қызмет көрсетуі барысында мұндай жағдайлар тіркелмеген. Себебі, кәсіпорын басшылығы ереженің сақталуын мұқият қадағалап отырады - өйткені ережелерде жіберілуі мүмкін қателіктер мен өлім-жітімнің алдын алатын тұстар қамтылады. Сонымен қатар, тұрақты жаттығулар өткізіліп тұрады.
"Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін, апатты учаскелердегі жөндеу жұмыстары басталар алдында газ талдағыш көмегімен міндетті түрде өлшеулер жүргіземіз", - дейді Еңбекші ауданының кәріз желілеріне қызмет көрсету бөлімінің басшысы Серік Тайманов.
Қауіпті газ концентрациясы анықталған жағдайда ортаны бейтараптандыру жұмыстары жүргізіледі, ол үшін автомобильдің аккумуляторын да пайдалануға болады. Дәлірегі, ондағы сорғыш қолданылады. Осыдан кейін ғана слесарь құдыққа түседі. Газ маскасы мен сақтандырудың болуы міндетті.
"Көп өңірлерде кәріз желілерінде жазатайым оқиғалар жиілеп, құдықтарда жұмысшылар қаза болған фактілер тіркеліп жатады. Біздің кәсіпорында осындай жағдайларды болдырмау үшін жоспардан тыс жаттығу сабақтары жиі өткізіледі. Біз қызметкерлерімізге жұмысты дұрыс жүргізуді, қауіпсіз әдістер қолдануды үйретеміз, қажет болған жағдайда нұсқауларға сәйкес қатаң әрекет етуді талап етеміз».
Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарларына, газ-электр дәнекерлеушілеріне және басқа да мамандарға арналған жоспарлы жаттығу сабақтары Абай аудандық су арнасының аумағында орналасқан қажетті жарақтармен жабдықталған арнайы полигонда өткізіледі.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты