Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 29.09.2022
«АМАNAТ» партиясы "Оңтүстік Су" филиалының кезектен тыс XLIV - конференция сы өтті.
Конференция жұмысын партия филиалының төрағасы Абзал Скендерұлы Зейнетаев ашып, жүргізді. Конференцияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе "АМАNАТ" партиясының жаңа Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау еді. Партияның жаңа Саяси тұғырнамасы туралы партия филиалының Атқарушы хатшысы Бақтыбай Қиянбекұлы Әліпов көлемді баяндама жасады. Тұғырнама Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдары, ұстанымдары мен Саяси мақсаттары қамтылған және елімізде болып жатқан өзгерістерге партияның жауабы ретіндегі негізгі идеологиялық құжат.
Саяси тұғырнамада негізгі үш қағидаға баса назар аударылады.Олар: АДАМ - ҚОҒАМ-МЕМЛЕКЕТ.
Тұғырнама қағидасы бойынша еліміздегі әр азаматтың әл-ауқатын арттыру, сапалы білім мен медициналық жәрдем алуы, демографиялық өсімге жағдай жасау, жұмыссыздықпен күрес, жастарды қолдау сияқты басым бағыттар белгіленіп, Қазақстан азаматы өз елі, өз жерінде алдағы болашағына алаңдамай өмір сүруі және келешекке сеніммен қарауына лайықты жағдай жасау - партияның басты міндеті болып айқындалған.
Конференция делегаттары Саяси тұғырнама бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.
Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе бойынша "АМАNАТ" партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XLIII конференциясына делегаттар сайланды.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.9%
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты