Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.10.2022
Еңбек адамына деген құрмет
Халықаралық қарттар күнін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің басшылығы, ұжымы жыл сайын ерекше дайындықпен атап өтеді. Ондағы мақсат – мекемеде жылдар бойы тынымсыз еңбек еткен азаматтарды құттықтау, оларға құрмет көрсету, көңіл бөлу. Мемлекет басшысы Еңбек адамына деген құрметті арттыруды, әділетті қоғамда Еңбек адамы бірінші орында тұруы керек деген ұстанымын үздіксіз айтып келеді. Тұрғындарды сумен қамту, кәріз жүйесін мүлтіксіз пайдалануына қызме,т көрсетуші мекеме ұжымында бұл бұрыннан жалғасып келе жатқан үрдіс. 1 қазан – қарттар күні қарсаңында мекеменің бас директоры Анарбек Орман өндірісті ілгерілетуге жылдар бойы еңбек сіңірген жандарды арнайы барып құттықтады. Сый-сияпатын ұсынды.
Ұстазды құрметтеу, аға буынға қамқор болу ұжымда берік ұстанады. Мұны зейнеткер аға-апалар ерекше ықыласпен айтып жатты.
Большое спасибо за заботу...
Мереке қарсаңында кәсіпорын басқармасында да 150-ге жуық зейнеткерге сыйлықтар берілді. Әлеуметтік карта арқылы әрбірінің жағдайын ескеріп, біліп отыратын кәсіподақ ұйымының жұмысы жүйелі екенін бейнетінің зейнетін көріп отырған әрбір азамат айтып жатты.
Ұжымға рақмет. Жақсылық тілеймін. Сауапты іс жасап жатыр.
Қариясы бар ел – қаыналы ел демекші, «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС ұжымы күздің шуақты мерекесінде осылайша аға буынның алғысына бөленді. Зейнеткерлердің арасында осы айларда туған күнін атап өтетін жандарға ақшалай сыйлық та берілді.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5547
дауыс мұрағаты