Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.10.2022
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС техникалық кеңесінің мүшелері bioworks неміс компаниясының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.
Бұл кәсіпорын тазарту қондырғыларын жобалаумен және салумен айналысады, шайынды суларды тазарту процесіне қажетті жабдықты шығарады.
Жақын арада Шымкенттің кәріз-тазарту құрылыстарының кешені кеңейтілетін болады. Қазіргі уақыттатазарту кешенінде тәулігіне 150 мың текше метр кәріз ағындарын өңдейді алдағы уақытта 200 мың "текшеге"дейін арттыру жоспарлануда. Сондықтан, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы кешенді кеңейту кезінде озық және экологиялық технологияларды пайдалануға мүдделі.
Bioworks компаниясы "Қазақстан Су арнасы" қазақстандық қауымдастығымен байланысады. Бұл кәсіпорынның мамандары Еуропада, Азияда және Африкада көптеген жобаларды жүзеге асырды. Соның ішінде BIOWORKS өз жүйесін қолдана отырып, шайынды суларды терең тазартумен айналысады, •жоғары тиімді аэрация жүйелерін жасайды, тазартылған ағынды суларды сүзеді, артық шламды өңдейді. Компанияның инженерлері жобаны жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдерде жүзеге асырумен бірге жүреді.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты