Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.10.2022
Жекеменшік кәріз желілерін пайдаланушылар назарына
Сапарбаев көшесінің тұрғындарын кәріз шайындыларына байланысты проблемалар мезі етті. Мәселе жеке желіге қосылған құдық бітеліп қалған. Нәтижесінде көшеге шайынды су ағып, шұғыл жөндеу қажет болды.
Кәріз желілері бойынша қызмет көрсету бөлімінің мамандары бұрын да ұңғыманы бірнеше рет тазалаған. Бірақ мұндай жағдайдың қайталана беруі шығынға батырады, әр жолы, оны тазалауға адамдар жұмылдырылады. Сондықтан жеке желінің иесіне жеке кәріз желісінде жөндеу жүргізу қажеттігі туралы хабарлама тапсырылады, құлақ аспаса су бұру желісі жабылады.
Жекеменшік кәріз желісі дегеніміз не? Қаланың кейбір аумақтарында жеке сектор тұрғындары кәріз желілерін бірлесіп жүргізіп, оларды салу шығындарының құнын анықтаған. Олар техникалық шартқа отырып, жобаға тапсырыс береді және мердігер мекемемен желіні салу туралы келісім түзеді. Қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасындағы баланстық теңдік орталық коллекторға қосылатын жерден басталады. Жеке кәріз желісіне иелік ететін тұрғындардың уәкілетті тұлғасы бар. Егер алдағы кезде де жеке желіге қосылғысы келетіндер болса, ол уәкілетті адамнан (желі иесінен) нотариалды куәландырылған рұқсат алуға міндетті.
Тиісті нормалар мен ережелерге сәйкес, жеке желінің иесі кәріз жүйесінің техникалық жарамдылығын қадағалауға, тиісті профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті. Егер ол техникалық ақауларды елемейтін болса, онда су бұруға жауапты ұйым ақаулар толық жойылғанға дейін жеке желіні ажыратып тастауға құқылы.
Жеке кәріз желілерінің иелерінен осы мәселеге мән беріп, назар аударуды, сонымен қатар ақауларды уақытылы жоюды сұраймыз.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты