Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.10.2022
Әлеуметтік желілер арқылы жүгінуге мүмкіндік бар
2022 жылғы 4 қазан күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кезекті рет тұтынушыларды Виртуалды қабылдауды ұйымдастырды. Қала тұрғындары Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунты арқылы коммуналды салаға қатысты сұрақтарын қоя алды. Байланысқа коммуналды қызмет көрсетуші мекемелердің, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты, монополияларды реттеу департаментінің монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Айгүл Шолпанова модератор болды.
Қоғамдық қабылдау барысында тұтынушыларға коммуналды қызмет түрлерін ұсынушы мекеме, ұйымдарға қатысты бірнеше сауалдар мен мәселелер бойынша түсініктеме берілді. Бұл жолғы қабылдауда "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не қатысты, яғни сумен қамту және су бұру қызметтеріне байланысты сауалдар түскен жоқ.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда кәсіпорынның Facebook және Instagraм әлеуметтік желілеріндегі аккаунттары арқылы немесе Whatsapp желісі арқылы: +7 705 758 11 11 нөміріне хабарласуға болады. Әр сұрақ жіті қарастырылады және міндетті түрде жауап беріледі.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты