Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 06.10.2022
Жолдау тапсырмалары орындалуы тиіс
Әділетті қоғам құрудағы басымдықтардың қандай екенін және ондағы Еңбек адамының рөлін ілгерілету, нақты саланы дамыту, салық пен кедендік рәсімдеуді оңтайландыру. Шымкент қаласының қоғамдық кеңесі төрағасы Бауыржан Алтеев бастаған қоғам белсенділері, кеңес мүшелері «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС –нің ұжымында Президент Жолдауы бойынша пікір алмасты. Қоғамдағы проблемалы тұстарды шешуге бағытталған тармақтар бойынша түсініктеме берілді.
Бауыржан Алтеев Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы
Мемлекеттік мәселелердің қайбірін орындау үшін әр маман, әр мекеме алдында үлкен жауапкершілік бар. Бірінші кезекте ұжымдарда идеологиялық жұмыстар нәтижелі болуы керек. Ол да табыстың кепілі, әрі негізі, - дейді кеңес мүшесі, Еңбек ардагері Абдулла Ахметов.
Абдулла Ахметов Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Еңбек ардагері
Кездесуде салық жүйесіне енгізілуі тиіс өзгерістер мен шағын және орта бизнесті қолдау, Президент шегелеп тапсырма берген нақты салаларға инвестиция тарту бойынша қажетті жеңілдіктер туралы да сөз болды. Маңызды тұстарды шешуде біліктіліктің қажеттігі анық. Сондықтан, әр саланың мамандарын даярлау – өзекті мәселе болып тұр. Басқосуды жүргізген мекеме басшысы Анарбек Орман осыған тоқталды.
Анарбек Орман «СРМ» ЖШС Бас директоры
Халыққа қажетті тұрғын үй, жергілікті жерлерде инфрақұрылымды заман талабына сай жүргізу, дамыту – кезек күттірмей шешімін табуы тиіс. Жылдан-жылға көлемі мен оның іске асуы үшін бөлініп отырған мемлекет қаржысы аз емес. Сапалы жұмысты қадағалау назардан тыс қалмауы керек.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты