Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.10.2022
10 қазан - Еңбек адамының құқығын қорғаумен айналысатын кәсіподақтар күні.
Осы атаулы күнге орай, Шымкентте аумақтық бірлестік төрағасы одақ мүшелерін құттықтап, бірқатарын марапаттады. Кәсіби мерекеге орай сала ардагерлері мен қызметкерлері дастарқан басында кездесті. Салтанатты шараға қала әкімдігі, қалалық денсаулық сақтау басқармасы, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, автомобиль көлігі және жол мекемелері, агроөнеркәсіп кешеніне қарасты кәсіподақ мүшелері қатысты. Ұйымдастырушылар еңбек адамының құқығын қорғауда еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, сыйлықтар табыс етті.
СНХ Бауыржан Әлтеев, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
«Бізде Шымкент қаласында үлкен мереке. Себебі 10 қазан – ҚР кәсіподақтар күні. Бүгін атап өтіп жатырмыз. Шымкент Кәсіподағында 8 салалық, 7 жергілікті кәсіподақ бар. 293 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Шымкент қаласы әлеуметтік әріптестік аясында біздің мекеме еңбек адамының еңбек құқығын қорғаумен айналысады».
Марапатталғандар арасында «Су арнасы – Маркетинг» ЖШС-нің кәсіподақтар ұйымының төрайымы Гүлнұр Сүйіндікова да бар. 1000-ға жуық жұмыскерлері бар мекемеде жауапты салаға еңбек сіңіргеніне 4 жылға жуықтады. Еңбек ардагерлерімен де, еңбеккерлермен де жұмысты жүйелі атқарып келеді.
СНХ Гүлнұр Сүйіндікова «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрайымы
Жалпы, Шымкенттік кәсіподақ құрамында 52 мыңнан аса адам бар. Сондықтан да өңірдік одақ Қазақстандағы ең ірі одақтың бірі болып саналады. Бірлестік мүшелеріне кәсіподақ тарапынан тиісті көмек көрсетіліп, бірнеше қызмет бойынша бағыт беріледі.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты