русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 11.10.2022

«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-де тұмауға қарсы екпе жасау әр жылы  қолға алынады. Биыл да солай. Қаладағы нөмірі 1-ші емхана дәрігері мен мейірбике арнайы келіп, мекеме қызметкерлері ресейлік Гриппол + екпесін салдырды.

 Жыл сайын салдырамын. Өте ыңғайлы, осылай жұмысқа келіп салатыны. Ешқайда барудың, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Рақмет. 

Бану Адельчанова  Канцелярия бөлімінің жетекшісі

 Денсаулығымызды сақтау үшін керек. Алдымызда қыс келе жатыр.  Өзіміз үшін керек екпе салдырту. Жылда осылай суықтаудың алдын алып, екпе жасатамын. Әр адам қауіпсіздігі үшін салдыру керек деп ойлаймын. 

Бақыт Жолдаров    Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі

Өзге де өңірлердегідей, Шымкент қаласында да тұмауратып, жөтел мазалаған адамдар аз емес. Тұрғындардың айтуынша, балалар арасында да тұмауратқандар көп.

Дерттің алдын – алу мақсатында еліміздің Денсаулық министрі қыркүйек айында арнайы қаулы шығарып, Қазақстанда 3-ші қазаннан иммундау акциясы басталды. Яғни, барлық емханаларда азаматтарға тұмауға қарсы екпе алу мүмкіндігі қарастырылған. Министрліктің мәліметінше, бюджет қаржысына 2,3 млн вакцина сатып алынған.

«Су ресурстары-маркетинг» мекемесі барлық қызметкерлеріне ауырмаудың жолын іздеп, тұмаудың алдын-алу шарасын алғашқылардың бірі болып ұйымдастырды.  

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары