Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 13.10.2022
Онлайн режимде Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комиссиясының 9-шы отырысы өтті.
Тараптар бекітілген күн тәртібіне сәйкес одан әрі ынтымақтастық мәселелерін
талқылады.
«Ең маңызды бағыттардың бірі – су экожүйелерінің,
соның ішінде климаттың өзгеруі жағдайында оның ұзақ мерзімді тұрақтылығын
сақтау және қолдау. Мұнда трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі
бірлескен қазақстан-қытай комиссиясының жұмысын оң дәрежеде атап өткім келеді,
өйткені олардың жұмысындағы прогресс бірегей Балқаш көлінің жай-күйіне және
оның экожүйесін қолдауға тікелей байланысты», - деп атап өтті
З.Сүлейменова.Алдыңғы отырыстардың жұмысын талдау көрсеткендей, комиссия
қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау
мен шешудің пәрменді тетігіне айналып отыр. Комиссияның жұмыс топтарының
отырыстарында көтерілетін мәселелер қоршаған ортаны қорғау және трансшекаралық
өзендердің сапасы саласындағы келісімдерді іске асыруға ықпал етіп,
үкіметаралық құжаттарда және бірлескен іс-шараларда көрініс табуда. Жалпы,
келісімдерді іске асыруды тараптар табысты жүзеге асыруда. Отырыс қорытындысы
бойынша Тараптар отырыстың хаттамасына қол қойды, комиссияның 2023 жылға
арналған жұмыс жоспарын бекітті және Комиссияның 2023 жылғы екінші
жартыжылдықтағы кезекті 10-шы отырысын Қазақстан Республикасының аумағында
өткізуге уағдаласты.
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты