Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.10.2022
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары Петропавлға барып қайтты
Іс-сапардың мақсаты - шайынды суды тазарту кезінде хлорелла микробалдырларын қолдану, оның тәжірибесін зерттеу. Солтүстік қазақстан жеріне жұмыс сапарымен мекеменің зертхана меңгерушісі Гүлжан Жауылбаева мен Шымкент тазарту кешенінің директоры Ирина Казаринова барып, Петропавлдың тазарту құрылғылар кешенінің жұмысымен танысты.
ИРИНА КАЗАРИНОВА «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің Тазарту қондырғылары кешенінің директоры
"Петропавл су арнасы бүгінде қаланың тазарту қондырғыларын қайта жаңғыртуда, олар үш кезеңнен өткен. Қазір төртінші кезең жүріп жатыр және бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан соң кешен тоқтап тұр. Бірақ олар қарап отырған жоқ. Кәріздің жағымсыз иісін болдырмау үшін, шайынды су тазартудың жолын тауыпты, олар өңделмеген шламды тоғанға жібереді. Онда хлорелла микробалдырын қолданады. Ең ұтымдысы, Петропавлда жағымсыз иісті жою мәселесін шешуде хлорелланы қолданудың әдістерімен жіті айналысатын ғылыми-зерттеу институты бар///. - дейді Ирина Казаринова.
Петропавлдық ғылыми қызметкерлер біраз уақыт бұрын Шымкентте болып, шайынды суды тазарту барысында хлорелла қолдануды ұсынған. Алайда, ол кезде бұл технология су тарту, жеткізу нысандарын тазартуға бағытталған еді және шайынды суды тазартуға жарамсыз болатын. Осы уақыт ішінде ғылыми-зерттеу институтында біршама жұмыс атқарылып, тазарту құрылғылары кешенінің жұмысында микробалдырларды қолданудың ұтымды жолы табылған сияқты.
"Микробалдырлар кей жағдайда өте тез көбейеді – яғни, жарық, органикалық заттар - суда және күн ашық кезде. Хлорелланың тағы бір ерекшелігі-оттегін бөледі. Хлорелла жағымсыз иіс шығаратын бактерияларға жақсы әсер етеді: мысалы, күкіртсутегі, азот және фосфор тобына"
Жалпы, бұл не береді? Бірінші кезекте, "су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де тазарту қондырғылары айналасындағы экологиялық жағдайды жақсартуда кезекті қадам жасауға ниетті. Кәсіпорын әкімшілігі бұл бағытта бірнеше рет маңызды шешім қабылдады. Хлорелланы пайдалану – келесі кезеңде қолға алынбақ.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.9%
барлық дауыс: 5081
дауыс мұрағаты