Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 18.10.2022
Даму және жаңарту инвестициялары
«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің Бас директоры Анарбек Орман мекеменің Инвестициялық жобалары және даму кезеңдері бойынша брифинг өткізді. Өңірдің БАҚ өкілдері қатысқан ақпараттық жиында кәсіпорынның 2009-2022 жылдар аралығында Еуропалық қайта құру, даму банкімен серіктесу нәтижесі, мемлекеттік бағдарламаларды орындау бағытында атқарған жұмыстары сөз болды. Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен жабдықтау және шайынды су жүйелерін жаңғыртып, қайта құруға жұмсалған инвестиция бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. Осы жылдар аралығында Еуропалық қайта құру, даму банкі және «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-мен саланы дамытуға 5 келісім-шарт түзді. Оның құны 15 млрдтан астам теңгені құрады. 13 жылға алынған несие толығымен өтелді. Нәтижесінде:
- 336 шақырым су құбырлары жүйесі жаңартылды;
- 47,3 шақырымды құрайтын кәріз жүйесі жаңартылды; Мұнан басқа су сорғылары желісін автоматтандыру, зарарсыздандыру және суды тасымалдау желісі біршама реттелді.
Шымкенттің аумағы жылдан-жылға ұлғайып, тұтынушылар қатары да артуда. Тілшілер тұрғындарды ауызсумен толық қамту жәйі мен құбырларды алмастыру бойынша сауалдарына жауап алды. Ең маңыздысы, қала тұрғындары сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтылып отыр. ЕДҚҚБ мен шымкенттік Су арнасы мекемесінің инвестициялық бағыттағы серіктестігі ары қарай жалғасады.
Келесі кезеңде Шайынды су тазарту қондырғыларының кешенін кеңейту, жабдықтау қолға алынбақ. Ауқымды жұмыстарға еуропалық банк 4 млрд теңгеге жуық несие береді. Құжаттарға екі тарап қол қойып, инвестициялық бағдарлама бекітілді.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты