Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.10.2022
Викторина
Биылдан бастап Ұлттық мереке ретінде атап өтілген Республика күніне орай, «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-де «Менің елім!» викторина-конкурсы ұйымдастырылды. Мақсаты – ұжымдағы әрбір жастың Еліміздің тарихы мен Мемлекеттік құрылымы, өңірлер туралы білімін тереңдету.
Байқауда Қазақстан Республикасының Егеменді ел болған жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі қабылдаған шешімдері мен даму жолындағы тарихи кезеңдері, оқиғалары, рәміздері және өңірлердің құрылымы туралы 20 сұрақ берілді. Ақтық сынға өткендер қосымша сауалдарға да мүдірмей жауап берді.
Мекемеде мұндай шаралар үздіксіз өткізіледі. Білім сайысына белсене қатысып, арнайы белгіленген сыйлықтарды алуға ниеттенген жастардың көптігі қуантты. Арнайы құрылған комиссия шешімімен 1, 2, 3 орын иемденген мамандарға қаржылай сыйлықтар беріліп, дипломмен марапатталды.
Сонымен, 1-ші орынды өндірістік-техникалық бөлімнің жас инженері Ақжарқын Ақылбек иемденді, 2-ші орын диспетчерлік қызмет орталығының маманы Бекарыс Мамықов, 3-ші орын – Өндірістік техникалық бөлімнің маманы Медет Түзелханға бұйырды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5545
дауыс мұрағаты