Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 20.10.2022
Судың сапасы, ерекше бақылауда!
Шымкенттіктерге жеткізілетін ауыз судың сапасын бақылау Су жинақтау құрылғыларынан басталады. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-гі сынақ зертханасының мамандары талдау жүргізу үшін бекітілген уақтта сынама алып отырады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мекемесінің өкілдері де сынаманы жүйелі түрде алып, тексеру жүргізеді.
Ақбай-Қарасу су жинақтау орнында тіршілік көзі жер астынан өндіріледі, бұл кешенде 42 ұңғыма бар. Жерасты су көздері табиғи қорғау талаптарына сай тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген, дегенмен санитарлық нормалар мен ережелер сақталуы үшін бірнеше параметрлер бойынша тексерістен өтеді.
"Біз бактериологиялық талдауды жүйелі жүргіземіз",-дейді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС сынақ зертханасының жетекшісі Гүлжан Жауылбаева.
Айта өтейік, жинау құрылғысында су көтерілгеннен кейін ауыз су дезинфекциялау станциясына түседі. Магистралды су құбыры арқылы тасымалдау қауіпсіз болуы үшін суға Натрий гипохлориді қосылады. Ол өз кезегінде электролиз арқылы кәдімгі тұздан алынады. Бұл процесс толығымен автоматтандырылған және қауіпсіз. Сондықтан адам ағзасына зиянсыз.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты