Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 01.11.2022
Табиғи монополияларды реттеу департаменті өткізген кезекті виртуалды қоғамдық қабылдау
2022 жылдың 1-ші қарашасы күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тұтынушылар үшін кезекті Виртуалды қабылдау ұйымдастырды.. Шымкент тұрғындары Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунты арқылы коммуналды салаға қатысты сұрақтарын қойды.
Сұрақ-жауап сағатына коммуналды қызмет көрсетуші мекемелердің, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты. Модератор - департамент басшысының міндетін атқарушы Айсұлу Әлібекова болды. Ол ведомствоның қызметі, коммуналды саладағы проблемалардың алдын-алу бойынша қабылданып жатқан шаралар турасында айтып берді.
Виртуалды қоғамдық қабылдау барысында жылыту маусымына қатысты бірнеше шағым-өтініш түсті. Айсұлу Әлібекова тұтынушыларға қажетті түсініктеме мен ұсыныстарын берді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жұмысына, яғни сумен қамту және су бұру қызметтеріне қатысты тұтынушылар тарапынан өтініштер түскен жоқ.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің қызметіне – су және кәріз жұйесінің жұмысына қатысты сұрақтарыңыз болса, мекеменің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ашық аккаунттары арқылы хабарласуыңызды, сондай-ақ Whatsapp-қа: +7-705-758-11-11 жазуыңызды сұраймыз.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты