Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.11.2022
«Дарын» ұстаздары мен оқушылары Су арнасы мекемесінде
«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің басшылығы жастарды техникалық мамандықтарға бейімдеу бағытында дуалды оқу жүйесі тек жоғары, арнаулы оқу орындарында емес, мектеп қабырғасынан басталуы керектігін барынша қолдайды. Себебі, нәтижесі боларына сенімді.
Қаладағы «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының» химия, биология және география пәндерінің мұғалімдері мен оқушылар кәсіпорынға арнайы келді. Танысу ауыз су сапасын бақылау зертханасынан басталды.
Қаладағы су қабылдағыш нысанының қызметі және насосты стансалардан алынған су сынамасын тексеру, реактивтерді пайдалану және басқа да күнделікті істелетін тынымсыз тірлікті көзбен көрген оқушылар мен олардың ғылыми жоба жетекшілері таңданысын білдірді. Расында «дайын өнімді» тұтыну барысында оның қандай жолмен, қандай еңбекпен жеткізілетініне әдетте, көпшілік мән бере бермейді.
Лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Самандар Ешназаровтың «Біз тұтынатын су құрамындағы ауыр металдар» тақырыбында ғылыми жұмыспен айналысады. Осы күні оқушы да, оның жетекшісі де қосымша мағлұматтарға қанықты. Ғылыми жұмысының мазмұны толығатын болды деп қуанды.
«СРМ» мекемесінің мұражайында берілген мәліметтер де қонақтардың қызығушылығын арттырды. Шымкенттің су жүйесінің жүргізілу тарихы, 75 жыл бұрынғы желілер мен кейінгі жылдардағы енгізілген технология, бүгінгі қондырғылар – мұражайда барлық ақпарат берілді. Ұстаздар мекеме жұмысына қатысты тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды. Келесі экскурсиялар апта сайын оқушылардың қатысуымен өтпек.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты