Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.11.2022
Тексеруші-инспекторлар арнайы
әзірленген кестенің бағыттары бойынша жұмыс істейді. Олардың мақсаты - үлкен
диаметрлі магистральдық су өткізгіштерін тексеріп, жұмысын реттеу. Өз
кезегінде, санитарлық-қорғау жолағын бақылау жөніндегі бұл инспекторлардың
жұмысын Орталық диспетчерлік қызметінің мамандары GPS-таратқыш арқылы бақылап
отырады. Жұмыс ауысымында инспекторлар ауа-райына қарамай 13 шақырым жүруі
керек.
"Қазір біз
Рысқұлов көшесімен өткізілген диаметрі 500 миллиметрлік магистральды су құбырын
көріп жүрміз. Жерасты камералары мен құдықтарға сырт жағынан тексеру
жүргізіледі. Бұл тірек - арнайы белгі, одан - оңға 10 метр, солға 10 метр жерге
дейін құрылыс жүргізуге тыйым салынады. Егер бұзушылық фактілері анықталса,
оларды бейнелеу арқылы акт түзіледі, ал егер бұзушы оны өз еркімен жоймаса,
онда іс сотта қаралады.
Темірхан Бегімбетов бақылау инспекторы
Су
құбыры және кәріз желілері бойымен өтетін санитарлық-қорғау белдеуі аумағында заңсыз
құрылыс фактілерінің алдын-алу үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де
инспектор-тексерушілердің қызметі құрылған. Олар әр күні кәсіпорын балансындағы
желілерді тексереді. Жалпы, баланстағы су желілерінің ұзындығы 1891 шақырым, ал
кәріз желілерінің ұзындығы – 463 шақырымды құрайды.
"Бұзушылықтар анықталған жағдайда санитарлық-қорғау жолағын күзету
жөніндегі инспектор фото және бейнетіркеу жүргізеді. Бұл туралы кәсіпорынның
орталық диспетчерлік қызметіне хабарлайды. Сондай-ақ, деректер ГИС базасына
енгізіледі"
Нұржігіт Әбдуаитов " Су
ресурстары-Маркетинг " ЖШС Диспетчерлік қызмет орталығының бас инженері
Сондықтан, қала тұрғындарын құрылыс жұмыстарын
жүргізуде абай болыңыздар деп ескертеміз. Нысан инженерлік желілер үстінде
немесе тым жақын жерде болмағаны дұрыс. Шынында, санитарлық-қорғаныс жолағы
бұзылған жағдайда, сіз өз кінәңіздан материалдық шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Ең
қауіптісі, коммуналды желілердің үстінен жүргізілетін құрылыс жұмыстары қайғылы
жағдайларға әкелуі ғажап емес.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты