Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 17.11.2022
Кәріз жүйесіне салғырт қарамаңыз!
Көпқабатты үйлердің тұрғындары жалпы үйішілік коммуникация жүйелеріне ұқыптылық таныта бермейді. Үй ішіндегі су, кәріз, электр және жылу желілері барлық тұрғындардың ортақ меншігі бола тұра, өкінішке қарай, оған мән бергісі келмейтіндер көп. Профилактикалық алдын алу жұмыстарын жүргізу, инфрақұрылымды сақтау қажеттігін, тіпті қаперіне алмайтындар бар. Әсіресе канализация жүйесі күрделілік туындағанда ғана есіне түседі. Кейбір тұрғындар кәріз жүйесін қоқыс тастайтын орын деп ұғады. Мұндай әрекет үлкен проблемалар тудырады.
"Құрметті қала тұрғындары, үй ішілік кәріз желілеріне жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймыз. Тамақ қалдықтарын, гигиена заттарын және тұрмыстық қатты қалдықтарды кәрізге тастамауды сұраймыз, бұл жертөледегі көтергіштер мен шезлондардың бітелуіне әкеледі. Соның кесірінен жарылу болады, содан кейін ағынды сулар сыртқа төгіледі. Барлық тұрғындар үшін материалдық шығындар мен санитарлық нормалардың бұзылуына әкеп соғады".
Мұндай проблемаларды болдырмау үшін көпқабатты үйлердің тұрғындары өзін-өзі басқару жүйесін құрып, үй ішілік желілерде профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жоспарлауы керек. Үй тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын мейлінше, жиі жүргізсе, бірқатар проблемалардың алдын-алуға болар еді.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.9%
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты