Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 20.11.2022
Инвестициялық бағдарлама дегеніміз не?
Миллионнан астам халқы бар қаланы сапалы ауыз сумен қамту, кәріз ағынын тазарту өте үлкен және жауапты іс. Оның үстіне, айтарлықтай шығынды талап етеді. Кәсіпорынның стратегиялық міндетін орындау мақсатында арнайы инвестициялық бағдарлама әзірленіп жатыр. Оған негіз болып отырған тағы бір себеп - Шымкент қаласының аумағы жылдан-жылға ұлғайып, тұтынушылар саны артып келеді. Яғни, инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселесі күн тәртібінен түспейді деген сөз.
"Мұның бәрін бақылау, ауыз суды өндіру, зарарсыздандыру, тасымалдау, тұтынушыға жеткізу, есепке алу, шайынды суды бұру, тазарту керек. Ол үшін біздің барлық негізгі жүйеміз, қорымыз жарамды болуы керек. Бұл ретте, сөзсіз, инвестициялық бағдарлама, күрделі және әдеттегі жөндеу, жүйені пайдалану жоспары әзірленеді. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шығындар жоспарын міндетті түрде монополияларды реттеу жөніндегі департамент алдында қорғаймыз"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында елімізде инженерлік, коммуналды жүйелердің тозығы жетіп тұрғанын айтып, мәселені кезек күттірмей шешу керек деп, тиісті тапсырмалар берді. Үкімет арнайы бағдарламалардың орындалуын бақылауы тиіс.
"Біздегі сумен қату желілерінің 47% -ы тозығы жетіп тұр. Мақсатымыз - оны 32% - ға дейін төмендету, ал кәріз жүйесінің 77% -ы жарамсыз күйде, оны 62% - ға дейін төмендетуіміз керек. Бұл, әрине, үлкен шығындарды талап етеді, шамамен 30 миллиард теңге жұмсалады".
Бұдан бұрын да жүйелерді жақсарту тетіктері қарастырылып, бағдарламалар әзірленген. Бірақ, мәселе түбегейлі шешілген жоқ. Қазір мемлекеттік органдар ескірген инженерлік инфрақұрылым мәселесін жаңа шаралар арқылы шешуді жоспарлап отыр.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты