русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 22.11.2022

Заңсыз әрекет 

 "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не қаладағы "Сайрам" шағынауданының тұрғыны шағымданды. Ол ассенизаторлы көлік жүргізушісі көпқабатты үйдің жанындағы орталық жүйеге кәріз қалдығын үнемі төгіп кететінін хабарлады. Ер кісінің айтуынша, жүргізуші көпқабатты үй тұрғындарының ескертулерін қаперіне де ілмейді. Тазарту қондырғыларында шайынды қалдықты соратын машиналардан кәріз ағындарын төгетін камера қарастырылған. Бірақ, шамасы, бұл жүргізуші уақытын жоғалтқысы келмейді, оған жеке сектордан жинаған ағынды суды қалалық желіге төге салған ыңғайлы. Ал мұндай жағдайда орталық коллектор істен шығуы мүмкін. Нәтижесінде, тығын пайда болып, нәжістің барлығы сыртқа ағады. Басқа да мәселелер туындайды. Орталық диспетчерлік қызметі "Сайрам" шағынауданы тұрғынының өтінішін тіркеді. "Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС заң бөлімінің мамандары аталған факт бойынша құқық қорғау органдарына жүгінеді. Ассенизатор жүргізушісіне залалды өтеу туралы жеке талап қойылуы да мүмкін. Егер де осындай, қалалық желіге кәріз ағындарын заңсыз төгу жағдайларын көре қалсаңыз, сізден ол әрекетті дереу фотоға немес видеоға түсіріп алып, деректерді кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметіне (whatsap: +77081102121) немесе Қоғаммен байланыс бөліміне (whatsap: +77057581111) хабарлауыңызды сұранамыз.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары