русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 21.11.2022

Қазақстандықтардың таңдауы – әділетті даму 

 Қазақстан халқы өз таңдауын жасады және дұрыс жасады деп есептеймін. Мемлекет басшысының бұған дейінгі жолдаған міндеттері мен жүктеген тапсырмалары жүзеге асады деген үлкен сенімі бар халықтың. Бүгінде отандық және халықаралық сарапшылардың пікірі де осыған саяды. Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс берген сайлаушылардың әділетті қоғамға қарай бет бұруы, жастардың саяси-қоғамдық өмірден өз орнын нақтылап, елдің болашақтағы саяси өміріне белсене араласуына мүмкіндік арта түседі. Өз басым Қазақстан азаматтық дамудың жаңа сатысына шықты, деп сенім артамын. Билік балансын, заңның үстемдігін, адам құқығын, оның игілігі үшін жасалатын жұмыстардың сапасын арттырып, жауапкершілікпен атқаруда, әділетті жүйе құруда қоғам болып жұмылу керек. Себебі, бір адам барлығын бақылап, қадағалауы мүмкін емес. Ерекше атап өтетін жәйт, Түркістан облысының тұрғындары, жерлестеріміз бұл сайлауда белсенділік танытты. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты екеніне сенді. Тұрғындардың 80 пайыздан астамы өз дауысын беріп, Республикада алдыңғы қатардан көріндік. Яғни, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтындығымызды аңғарттық. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың алғашқы, алдын-ала нәтижесі жарияланған сәтте халқына ризашылығын білдіріп, жүрекжарды лебізін білдірді. «Халықтың сенімі - ең құнды нәрсе. Сенімді ақтауымыз керек. Бірігіп, қоғам болып жұмыс істеуміз керек», - деді. Жаңа Қазақстанға басқан қадам құтты, жемісті болсын. ӘДІЛДІК: ҚАЗІР ЖӘНЕ ӘРДАЙЫМ. Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз. Анарбек Орман, Түркістан облыстық Мәслихатының депутаты, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары