русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 23.11.2022

Шымкенттік "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не "Қарағанды су" ЖШС-нің мамандары келді 

 Бұл жұмыс сапарының мақсаты - сумен қамту және шайынды суды тазарту кәсіпорындары арасындағы тәжірибе алмасу. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев әріптестерге Шымкент су арнасының жүйелі жұмысын толыққанды айтып берді. Суды есепке алу құрылғыларын енгізу, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінен алынған несие және сол қаржының желілерді толығымен ретке келтіруге, өндірісті жаңғыртуға мүмкіндік беретін тұстарын, нәтижесінде су шығыны мен апатты жағдайларды азайтуға бағытталған жұмыстар барысы сөз болды. Өз кезегінде өндірісті жаңғырту суды тарту мен жеткізу құнын біршама төмендетуге мүмкіндік береді. Кәсіпорында географиялық ақпараттық жүйе енгізілген, бұл жүйе сумен қамту және кәріз желілерінің цифрлық картасын жасауға, орталық диспетчерлік қызметінің жұмысында жаңа әдістерді енгізуге негіз болды. Инвестицияның көмегімен кәріз-тазарту қондырғылар кешенін реконструкциялау, биогаз қондырғысын салу қолға алынды және экологияға залал келтірудің алдын-алу мүмкін болып отыр. Сонымен қатар, шайынды суды тазарту кешені жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Қарағандылық әріптестер "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметінде де болды. Өндірістік процестерді бақылау цифрландырылған. Диспетчерлер жүйедегі су қысымын бақылайды, желіде орнатылған арнайы көрсеткіш құрылғылар арқылы су жиналатын резервуарлардың толтырылуы бақыланады, сондай-ақ апатты жөндеу бригадаларының шақыруға бару, жету қозғалысы бақылауға алынады. Көптеген процестерді Орталық диспетчерлік қызметі қашықтықтан басқарады. Қонақтарды тағы бір жүйе қызықтырды. Ол тұтынушылармен телеграмм мессенджеріндегі чат-бот арқылы байланысу жағы. Әріптестерге тұтынушылардың чат-ботқа тіркелуі мен оған қажетті барлық ақпаратты оңай жолмен алып отыратыны көрсетілді. Айтпақшы, қазіргі уақытта "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС абоненттерінің 70%-ы осы чат-ботты жақсы пайдаланады. Жұмыс сапарының алғашқы күнінде екі өңір мамандары сумен қамту және кәріз жүйелеріне жауапты қызметкерлермен де кездесті.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары