Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.11.2022
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2022 жылдың 30 қараша күні «АДАЛ КӨМЕК» жобасы аясында коммуналды қызметтер бойынша бірқатар мекеме өкілдері азаматтарды қабылдап, кеңес береді.
Атап айтқанда, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС, ,«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС, «Энергопоток» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мамандары қабылдау жүргізеді.
Егер Сіздің тарапыңыздан аталған салаға қатысты сұрақтарыңыз болса, кеңес алғыңыз келсе, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы» (Темірлан тас жолы, 20/2) ғимаратында өтетін қоғамдық қабылдауға шақырамыз.
Қабылдау 30 қараша күні сағат 15.00 мен 17.00 аралығында өтеді.

дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
32.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.4%
БАҚ
14.8%
Басқа
15.6%
барлық дауыс: 6173
дауыс мұрағаты