Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 01.12.2022
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің қызметкерлері байқауға қатысады
«Кәсіпорын болашағы». «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты бөлімдер мен шағын мекемелердің мамандары арасында жыл соңында өтетін конкурс осылай аталады. Өз біліктілігін танытып, жұмысты әрі қарай сапалы істеуге мотивация болатын байқау алдында сала қызметкерлері тест сауалдарына жауап берді. Тестілеуге 30-дан астам қызметкер өз еркімен және алдын-ала өтініш беріп қатысты.
Асқар АҚШАЕВ «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің аппарат басшысы
Конкурс барлық бөлімдер мен мекемелерде өтеді. Мақсат – стратегиялық маңызы басым саланың үздіктерін анықтау. Кәсіпорында алғаш рет қолға алынып отырған байқау алдағы уақытта да тұтынушыға қызмет көрсетуде жұмысты жүйелей түсіп, жаңа талаптарға сай, бәсекеге қабілетті мамандардың көбеюіне сеп болады. Кәсіпорын басшылығының діттегені осы.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты