Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.12.2022
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өкілдері "Отырар" ТА-ның тікелей эфирінде тұтынушылар сұрақтарына жауап берді.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім менеджерлері Зауре Оралабаева мен Ринат Хамидулин қала тұрғындарына ішкі желілерді, су құбырлары мен кәріз желісін, есептегіш құралдарын қысқы суыққа дайындау жолдарын айтты. Жалпы, кәсіпорын тарапынан қысқа дайындық жұмыстары туралы сөз болды.
Тікелей эфирде мекеменің Телеграм чат-ботына тіркелу барысы да түсіндірілді. Виртуалды көмекші арқылы электронды түбіртекті көріп, балансыңызды және су есептегіш құралын тексеру мерзімін білуге болады. Чатбот арқылы онлайн төлем жасауға да болады. Чатботқа сіз бір минут ішінде тіркеле аласыз, сілтемесі мынау: wrm_bot.
Тікелей эфирде тұрғындар елдегі инженерлік инфрақұрылымның ескірген жәйі туралы да сұрақтар қойды. Мемлекет басшысы бұл бағытта нақты тапсырмалар берген-ді. Мысалы, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС 2022 жылы Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен келісім жасасып, кезекті алтыншы несиелік пакетін алды. Бұл қаражат кәріз-тазарту қондырғылар кешенінің ауқымын кеңейтуге және желілерді жаңартуға жұмсалмақ.
Тікелей эфир барысында сумен қамту және кәріз қызметі бойынша тұтынушылардан бірнеше өтініштер келіп түсті. Олар: кәріз құбырлары орналасқан құдықтардың қақпақтарының жоғалуы, сынуы, кәріз желісін тарту және су құбырын жүргізу және қызметті тұтынуға дербес шот ашу сияқты сұрақтар. Барлық сұрақтарға жауап беріліп, тиістілері бақылауға алынды. Егер Сізде кәсіпорын қызметіне қатысты сұрақтарыңыз болса, whatsapp+77057581111 арқылы немесе кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттарына жазуыңызға болады. Ақаулар мен апатты жағдайлар болса, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС диспетчерлік қызметіне+77081102121 телефоны бойынша хабарласа аласыз.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты