Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 30.11.2022
Ашық алаңдағы қоғамдық қабылдау
"АДАЛ КӨМЕК" жобасы аясында коммуналды қызмет көрсететін мекемелердің өкілдері Шымкент тұрғындарын қабылдады. Тұтынушылар коммуналды мәселелерге қатысты өз өтініштерін, ұсыныстарын жеткізіп, қажетті кеңестер алды. Қоғамдық қабылдауға шымкенттіктер көп жиналды.
Ашық алаңдағы басқосуға Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасы, "Қуатжылуорталық - 3" МКК, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС, "Энергопоток" ЖШС, "Оңтүстік ЖарықТранзит" ЖШС, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, "Сумен қамту және кәріз жүйесі бойынша қызметті басқару" МКК өкілдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мамандары мен қоғамдық ұйымдардың белсенділері қатысты.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС атынан қатысқан Бас директордың орынбасары Жанатбек Тұрдалиев тұтынушыларды қабылдап, кәсіпорын қызметіне қатысты туындаған сұрақтарына жауап берді. Өтініштердің біразы бақылауға алынды, шымкенттіктер шағымданған фактілер бойынша тексерулер жүргізілетін болды, нәтижесі туралы өтініш берушілерге міндетті түрде хабарланады.
Естеріңізге сала кетейік, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне байланысты сұрақтарыңызды Сіз кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттары арқылы да қоя аласыз, электронды мекенжайға жаза аласыз: smi@wrm.kz, сондай-ақ whatsapp: +77057581111 нөмірінде. Төтенше апатты жағдай туындаса, орталық диспетчерлік қызметіне+77081102121 нөмірі бойынша қоңырау шалуыңызды сұраймыз.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты