Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 18.12.2022

Мекемеге келген ең жас қонақтар
Қаладағы М. Мәметова атындағы 35-ші жалпы орта мектебінің 3- сынып оқушылары «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесіне кезекті экскурсияға келді. Бұл жолғы жас қонақтар өте талғампаз болып шықты. Пайдаланылған су үшін келетін түбіртек, су есептегіш құралы, ол не үшін орнатылады, су көлемі қалай өлшенеді, суды қалай үнемдейміз және сумен байланысты орындардың атауы сияқты ақпараттарға қанықты. Шарушылыққа қажетті түрлі жабдықтар, пайдаланылатын заттар мен жаңа терминдерді бірден қабылдады. Ұл-қыздар суды үнемдеу ережелерін жақсы біледі екен. Мұражайда қаныққан қызықты мәлеметтері бойынша сұрақтарға да мүдірместен жауап берді.
Шымкенттік мектеп, лицей, гимназия оқушылары СРМ мекемесіне аптаның әр бейсенбісінде экскурсия жасауды әдетке айналдырған. Айта кетейік, мұражайға оқушылар мен қатар ЖОО, орта арнаулы оқу орындарының студенттері және мұғалімдері де келеді. Біздің есігіміз барлық тұтынушылар үшін әрдайым ашық.
Егер сіз мұражайға келіп, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жұмысымен танысамын десеңіз, және қызықтырған сұрақтарыңызға жауап алғыңыз келсе, + 7 705 758 1111 телефонына хабарласуыңызға болады. Көкейіңіздегі әрбір сұраққа жауап ала аласыз!
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
32.2%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.1%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.4%
БАҚ
15.2%
Басқа
15.7%
барлық дауыс: 6400
дауыс мұрағаты