Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 11.12.2022
Үздік маманды анықтау
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де "Кәсіпорын болашағы" байқауы өтті. Байқауға су және кәріз желілерін пайдалану, тұтынушыларға осы бағытта қызмет көрсететін барлық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.
Конкурстық комиссияның төрағасы Кәсіпорынның бас инженері, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Рахымжан Шамсутдинов болды. Ақтық кезеңге 9 адам өтті, олар - тестілеу кезеңінде ең көп балл жинаған мамандар. Арасында жас жұмысшылар да, тәжірибелі ардагерлер де болды.
Әңгімелесу, сұқбаттасу кезеңінде конкурсқа қатысушылар су құбыры және кәріз желілерін пайдалану жөніндегі регламенттерге байланысты сұрақтарға жауап берді. Әрбірі өздерінің қызметіне сай міндеттерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы туралы білімін көрсетуі қажет болатын. Осы кезеңнен өткеннен кейін конкурстық комиссия қатысушының ұпайларын есептеп, үздік үш конкурсантты анықтады. Маңызды тұсы сол, жүлделі болумен қатар, жеңімпаздардың қызметі өсуі де бек мүмкін.
"Мен кәсіпорында энергетик болып жұмыс істеймін, осы байқауға қатысып, білімімді тексеруге бірден тәуекел еттім. Жақсы нәтиже көрсеттім деп үміттенемін. Осындай іс - шараны ұйымдастырғаны үшін басшылыққа алғысымды білдіремін".
"Кәсіпорын болашағы" байқауын өткізудегі басты мақсат - өз ісін жақсы білетін, саланың мықты қызметкерлерін анықтау. Өз жұмысын білумен қатар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің басқа да бағыттарына қатысты біліктілігін арттырғысы келетіндерге барынша қолдау көрсету. Кәсіпорын басшылығы осындай мамандарға басымдық беріп, көбірек көңіл бөлмек
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты